Қолдау көрсетейік!

«Кітап оқымаған – ойлаудан қалады» дейтін сөз бар. Біз бұл қатарға газетті қосар едік. Бүгінгі ақпараттың асқан жылдамдықпен тарап жатқан ғасырында елеусіз ғана жарыққа шығып, мұқым елдің мұңын мұңдап жоғын жоқтаған басылымның қоғамдық пікір қалыптастырушы күшін ескере отырып, газеттің бұдан әрі жарыққа шығуына септесуіміз қажет деп есептеймін.

Біз секілді «оқу мәдениетін» қалыптастыра алған буын үшін газеттің болашағы әлбетте алаңдатады. Желідегі желдей ескен ақпараттың шынайылығына, растығына күмәнмен қарайтынымыз анық. Ал газеттен тек айқын, толыққанды зерделенген мақалаларды оқимыз, ой түйеміз. Сондықтан, басылымның баянды болмағы үшін әр оқырман қолдау көрсетуі ләзім.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шындығында тарихи шегініс жасап, өткенімізді жаңғыртуға зор септігін тигізді. Бұл орайда газетте жарияланатын тарихи мақалаларды бірін қалдырмай оқимын. Бұл ұлттық сана-сезімінен ажырап қалған ағайын үшін де өз тарихын толық тануға мол мүмкіндік. Алдағы уақытта да өңіріміздің, еліміздің үлкен тұлғаларына қатысты танымдық мақалалар жарияланса деген тілек бар.

Жайдар ТОҒАНБАЕВА,
зейнеткер.

Комментарии закрыты.