ИНКЛЮЗИЯ КАБИНЕТІ КӨБЕЙЕДІ

Облыста инклюзивті білім беруді дамытудың Жол картасы жүзеге асырылуда. Қазір төрт ресурстық орталық пен мектепте арнайы кабинет жұмыс істейді. Алдағы бес жылда осындай құрылым барлық білім беру мекемесінде ашылады.

– Бүгінде 70 балабақша, 290 мектеп және 35 колледж инклюзивті біліммен қамтылған. «Болашақ» Корпоративтік қорымен бірлесіп, инклюзияны қолдайтын 4 кабинет ашылды. Оның екеуі – Қарағандыда және Жезқазған мен Теміртауда. «Дара» КҚ қолдауымен 4 ресурстық орталық құрылды. 2025 жылға дейін барлық білім беру мекемесінде инклюзияны қолдау кабинетін ашу жоспарланған, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА.

Гүлсім Шабданқызының айтуынша, ерекше білім беру қажеттілігі бар баламен дефектолог мұғалім мен логопед жұмыс істейді. Облыста психологиялық-педагогикалық түзету қызметі дамитын болады. Осы орайда жыл соңына дейін Қарағанды мен Сәтбаев қаласында екі жаңа кабинет ашу жоспарланған.

Инклюзивті білім беруді дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты. Сондықтан, бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап, осы бағыттағы жұмысты жүйелі жалғастыру қажет.

Сәби СҰЛТАН.

Комментарии закрыты.