ДӘРІГЕР ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ

Қазақстанда дәрігерлер жалақысы 2023 жылға дейін 2,5 есе өседі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «Nur Otan» партиясының съезінде мәлімдеді.

– Бұл – адами капиталға, ел болашағына салынатын стратегиялық инвестиция. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі ЖІӨ-нің кемі 5 пайызын құрайды. Ықтимал жаңа эпидемияға дайын болу керек… Елдің барлық облысында аймақтық медицинаны дамыту үшін 20 заманауи медициналық орталық саламыз. Облыстық ауруханалар мен перзентханаларды, ауылдық медициналық мекемелерді барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етеміз. Дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есеге өседі, – деді ол.
Президент салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту маңызды екеніне тоқталды. Сондықтан, балалар мен жасөспірімдер клубын қала ғана емес, барлық ауылда ашу керек. Жаттықтырушы-мұғалімнің жалақысын да өсіру қажет.

Комментарии закрыты.