Құрметті сəтбаевтықтар!

Барлық спортшыларды, спорт саласының ардагерлерін, спорттық мекеме қызметкерлері мен өз істерінің шеберлерін Спорт күнімен құттықтаймыз.

Бұл – тек денешынықтыру мен спорт мамандарының мерекесі емес, салауатты өмір салтын белсенді ұстап жүрген баршаның мерекесі болып саналады.

Белсенді демалысты, дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға зор көңіл бөле отырып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, саламаты өмір салтынсыз, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмір сүру мүмкін еместігін қадап айтты.

Біздің қаламызда да тұрғындардың спорттың әр түрімен айналысуына барлық жағдайлар жасалған.

Бірнеше спорттық мекемелер, спорттық алаңдар, ондаған үйірмелер мен секциялар тән мен жанды тәрбиелеумен қатар, шымырлыққа үйретуде. Еліміз бүгінде өзінің нақты да мықты спорттық дәстүрлерімен дүниежүзіне танымал болды. Оған дәлел – күні кеше Лондонда өткен ХХХ жазғы Олимпиадада қазақстандық спортшылардың үлкен жетістіктері. Біз осы спортшыларымыздың қол жеткізіп жүрген жеңістерімен мақтанамыз.

Құрметті жерлестер! Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, сәтті бастамалар, жақсы жетістіктер мен жаңа толағай табыстар тілейміз.

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Ахметов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай.

Комментарии закрыты.