Күлкіге көмді

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында өткен Сәтбаев қаласы әкімінің кубогына арналған көңілді тапқырлар клубының ойыны көрерменді күлкіге көмді.

Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жайдарман» аймақтық фестиваліне түрлі форматтағы 9 команда қатысты. Олар қоғамда, елімізде, әлемде белең алып отырған өзекті мәселелерді көтеріп, ащы әзіл арқылы жеткізе білді. Жарыс қорытындысы бойынша «Жұлдызды капитан» номинациясын теміртаулықтар иеленсе, «Жұлдызды жайдарманшы» жүлдесі «Фристайл» командасының ойыншысына бұйырды. «Әдемі» командасы «Көңіл ашар» номинациясына ие болса, Жастар ресурстық орталығының арнайы сыйлығын «Өзіміз ғой» командасы қанжығалады. Ал, «Техполюстіктер» «Jastar Bolashaq» ӨБ-нің марапатын иеленді. Қазылар алқасының шешімімен қала әкімінің кубогын «Паштет» командасы жеңіп алды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.