ТАРТУ ЕТТІ

Жақында қаламыздағы жедел жәрдем станцияларының автопаркі үш санитарлық автокөлікпен толықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының желісі бойынша әкелінген «Жедел жәрдем» машиналары барлық қажетті талаптарға сай медициналық құралдармен жабдықталған. 2020 жылы шығарылып, жаңа үлгіде жасалған. Науқастарға жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайын. Жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Ханиса Оспанбекованың айтуынша, бүгінгі күні 6 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Олар тәулік бойы қала және жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарына медициналық қызмет көрсетеді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.