ЖАНҒА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ

Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатымен өткізілетін дәстүрлі жасыл шырша жанындағы мерекелік кештерге індет себебінен тосқауыл қойылды. Бүлдіршіндер асыға күтетін бұл мерекеде тосын сыйдан күдерін үзбейді. «Қазэнергоцентр» кәсіпорны жыл қарсаңында аз қамтылған отбасы балаларына тәтті-сый қоржындар үлестіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шаһарды электр энергиясымен қамтып отырған іргелі кәсіпорын «Қазэнергоцентр» ЖШС жылдағы дәстүрлі шарасын өткізді. Ұжым биылғы мейрамда дәстүрден жаңылмай, бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Қамкөңіл жанға демеу болуды міндет деп білетін қазэнергоцентрліктер аз қамтылған отбасы санатындағы 21 балаға тәттілер салынған сыйқоржынды беріп, жарасымды жақсылықтың нышанын сездірді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.