ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Қалалық әкімдіктің үлкен залында қалалық мәслихаттың қорытынды сессия отырысы өтті. Жиынға қала басшысы Асқар Ыдырысов қатысып, 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы бекітілді. Күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралып, өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп берілді.

Сәтбаев қалалық мәслихаттың 79 сессия отырысында Сәтбаев қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.Әубәкір баяндама жасады. Жиында бұдан бөлек «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысы туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы, Сәтбаев қаласын басқару сызбасын бекіту туралы мәселелер қаралып, мақұлданды. Сондай-ақ, мәслихаттың өткен жылда атқарған жұмысы туралы мәслихат хатшысы Т.Хмилярчуктің есебі тыңдалды. Сессия соңында 2020 жылда атқарылған жұмыстарға оң баға беріліп, бірқатар мәслихат депутаты Құрмет грамотасы және «Nur Otan» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.