Еңбек барлық қиындықты жеңеді

Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында біздің қоғамда азаматтарды жұмыспен қамту ең басты міндеттердің бірі екенін атап көрсетті. Елбасы үндеуіне мән бере түсінген азамат бұл идеяда елдік мүдденің, Қазақстанның болашағы жатқандығын аңғаруы тиіс.

Сол себепті де баршамыз болашаққа білімді де білікті мамандармен, отаншыл, еңбекқор жастармен ғана баратындығымызды жете түсініп, соған жұмыс істеуіміз керек. Еңбексүйгіштік дейтінім, еңбек- тіршіліктің басты көзі, ал тіршілік – өмір сүру деген сөз.

Қазіргі қоғамда еңбекке деген қатынас өте маңызды мән-мағынаға ие. Өкінішке орай, еңбек құндылығының нарқы төмен деңгейде. Мемлекеттік қамтамасыз етудің масылдық, немқұрайдылық психологиясынан арылатын кезең туды деп ойлаймын. «Еңбек түбі зейнет», «Еңбекпен ел көгерер» деген аталар сөзін ұран етіп, мемлекетке бірыңғай арқа сүйеуден арылу керек.

Әркімнің тұрмыстық жағдайының еңбекпен тікелей байланысты екенін өмір дәлелдеп отыр. Алысқа бармай-ақ қаламызда болып жатқан жағымсыз оқиғалар, әртүрлі қылмыстар жұмыссыз бос жүрген адамдар арасынан шығып жатқаны өтірік емес. Тек жемісті еңбектің арқасында берекелі де бай отбасы, еңселі елге айналамыз.

И.Бралин, «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық Кеңестің төрағасы.

Комментарии закрыты.