Қыста талай қызық бар

«Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер мен олардың балаларына қолдау көрсету жұмыстары өткен жылдан бері қарқынды жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақында олардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаппай сырғанақ тебу шарасы өткізілді.

«Қыста талай қызық бар» демекші, балалар сырғанау барысында сергектікті сезініп, асыр сала ойнады. Шараның жоғарғы деңгейде өтуіне ықпал етіп, Жезқазған қаласында орналасқан сырғанау алаңына бүлдіршіндердің барып — келуіне көмек көрсеткен қалалық мәслихат депутаты Қайрат Балмағамбетовке ата-аналардың алғысы зор. Алдағы уақытта да «Жусан» операциясымен елге оралған әйелдер мен балаларды қоғамға әлеуметтендіру жұмыстары ары қарай жалғаса бермек.

Өз тілшіміз.

Комментарии закрыты.