VII шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы І сессиясының№ 7 шешімімен Хмилярчук Татьяна Ивановна Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланды

Т.И. Хмилярчук 1960 жылғы 20 шілдеде Ресей Федерациясының Алтай өңірінде туған. Білімі жоғары.

1985 жылы Жезқазған педагогикалық институтын география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1978 жылы № 16 орта кәсіптік техникалық училищеде оқытушы болып бастады.

1985 – 1995 жылдары № 16 ОКТУ директорының оқуәдістемелік жұмысының орынбасары, директоры болды.

1995 – 1996 жылдары Жезқазған облысы білім басқармасының еңбек және кәсіби оқыту бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

1996 – 1998 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

1998 – 2014 жылдары «М. Әуезов атындағы №14 орта мектебі» КММ директоры болды.

Сәтбаев қалалық мәслихатының V , V I шақырылымдарының депутаты және хатшысы болып сайланды.

Тұрмыста. Бір баласы бар. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл»,«Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдары, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты. Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы әкімдерінің, «Nur Otan» партиясының грамоталарымен марапатталған, «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» атағы берілді.

Комментарии закрыты.