Құрметті жерлестер! Қымбатты кеншілер!

Сіздерді кəсіби мерекелеріңіз – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке сəтбаевтықтар үшін өте қымбат, өйткені, біздің қаламыз – кеншілер қаласы болып табылады. Біздің өңіріміздің əл-ауқатының негізін қалаушы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз Қазақстанның əлеуметтік жаңғырту кезеңінде өте маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасында əр қазақстандықты Отанымыздың гүлденуі үшін еңбек етуге шақырады. Нұрсұлтан Əбішұлы атап өткендей: «Жаһандық бəсекелестік жағдайында шешуші ұлттық фактор ретінде нақты өндіруші еңбек бірінші орында болуы қажет».

Бүгінгі күні біз «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен кəсіпорындары жұмыскерлерінің еңбектерін мақтан тұтамыз. Өздеріңіздің еңбектеріңізбен жəне өндірістегі табыстарыңызбен сіздердің əрқайсыларыңыз күн сайын Қазақстанның экономикалық қуаттылығының артуына үлес қосудасыздар. Сіздердің кəсіптеріңіз сабырлылықты, жауапкершілікті талап етеді. Таукен өндіру саласының болашағы бұл – кеншілердің еңбегін қауіпсіз жəне өнімді ететін дүниежүзілік ғылымның озық жетістіктерін жəне қазіргі заманғы технологияларды енгізу болып табылады.

Қымбатты кеншілер! Құрметті кен өндірісінің ардагерлері!

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, кеншілер дəстүріне берік бола білулеріңіз, өздеріңіздің кəсіби білімдеріңізді жəне тəжірибелеріңізді жас ұрпаққа жеткізе білулеріңіз үшін рахмет айтамыз. Сіздерге жəне сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт жəне ырыс-береке тілейміз! Біздің еліміз жəне туған өлкеміз гүлдене берсін! Аспандарыңыз əрқашан ашық болсын!

Құрметпен, Сəтбаев қаласының əкімі Б.Д.Ахметов.

Қалалық мəслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.