Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызмет түрлері

«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінде келесі түрде мемлекеттік қызметтер атқарылады:

1) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

2) Тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі;

3) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

4) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

Мемлекеттік қызмет төлемақысыз атқарылады. Құжаттарды қабылдау және беру «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ атқарылады.

Толық ақпарат алу үшін Сәтбаев қаласы Сәтбаев даңғылы 108, каб.26-28. келуіңізді сұраймыз. Тел: 8(71063)-3-86-88, 3-87-01.

М.Рамазан,
«Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бас маманы.

Комментарии закрыты.