«Қазынашылық – клиент» жүйесінің жұмысы жанданады

Сəтбаев қалалық қазынашылық басқармасында Медиа жоспарға сəйкес басқарма бастығының орынбасары Р.Шертаева басқарма қызметкерлерімен «2012 жылы Қазынашылық-Клиент қазынашылық жүйесінің іске асырылуы» атты тақырыпта отырыс өткізді.

Р.Шертаева Қазақстан Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған реформаның ең маңызды мақсаты – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік аппаратты ұстауға қаралған шығындарды азайту жəне нəтижені арттыру екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық даму жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті «Қазынашылық-Клиент» электрондық құжат айналымы жүйесі бағдарламалық өнімін «пилоттық» аймақта іске қосу жұмыстарын бастаған еді. «Пилоттық» аймаққа Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Қостанай, Қарағанды жəне Жамбыл облыстары енді. Бұл бағдарламалық өнім «электрондық үкіметтің» құрамдас бөлігі болып табылады жəне келесі мəселелерге ықпал етеді: мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету уақытын қысқарту; қаржылық құжаттарды өңдеу сапасын жақсарту; бюджеттік есеп жəне бюджетті атқару бойынша есептіліктің қол жетімділігін, толықтығын жəне өзектілігін қамтамасыз ету; қазынашылық пен мемлекеттік мекемелердің операциялық шығындарды азайту.

Сəтбаев қаласы бойынша Жезқазған кентінде орналасқан облыстық жəне жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде Жезқазған кентінің əкімінің аппараты, «Нұр» туберкулезге қарсы балалар шипажайы, Сəтбаев қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Отбасы түріндегі балалар үйі, «Мерей» балалар үйінің Ғаламторға қосылу мүмкіндігі болмай отыр.

2012 жылдың мамыр айынан бастап техникалық жабдықталуы дұрыс деңгейдегі мемлекеттік мекемелерді ғаламторға қосу жұмыстары қайтадан жаңғырды. Сəтбаев қаласы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесіне кесте бойынша 2012 жылдың мамыр айынан бастап 4 мемлекеттік мекеме көшті.

Мониторинг деректері бойынша Сəтбаев қаласындағы мемлекеттік мекемелерінің «Қазынашылық-Клиент» жүйесін енгізуге даярлығы 2012 жылы 1-ші тамыздың жағдайы бойынша 82,14% пайызды құрап отыр.

Қазынашылық басқармасының алдағы жоспары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету сапасын жақсарту, ҚР Қаржы министрлігінің Стратегиялық жəне операциялық жоспарда бекітілген тапсырмаларды орындау жəне «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің енгізілуі мен таралымын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру міндеттерін толығымен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Майра СМАҒҰЛҚЫЗЫ

Комментарии закрыты.