Қауіпті әлеуметтік кесел

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінгі дейін жойылуы қиынға соғып отырған қауіпті кеселдің бірі.

үгінгі таңда бұл әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Айтар болсақ, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Әр азамат пен азаматша, жеке және заңды тұлға өкілдері өз құқықтарын, қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Ол дегеніміз, қоғамдық санада ұялап қалған мемлекеттік қызметшінің ар-ожданына қатысты мәселелерге байланып калмай, осындай бір жақты пікірді тудырмаудың амалдарын қарастыру қажет. Қоғам дертіне қарсы қоғамдағы ой-пікірді талдай отырып, жүйелі күресу жолдарын қалыптастыру үстіндеміз. Осыған ұқсас мысалдардың бірін келтірсек, ол азаматтардың, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Заңға бағынушылық тәртібіне бұлжымастығы. Яғни қандай да бір іс-әрекеттер барысында Заң талаптарын сақтау арқылы әрқайсымызға құқықтық мәдениеттілікті арттыру қажет. Елбасы бастамасымен таяуда ғана шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға байланысты қабылданған шешімдердің негізгісі, бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар тарапынан тексеру жүргізуді тоқтатып, оған қатысты мәселелерді әбден пысықтап алу, яғни тексерістерді айқындаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай жүйесін әзірлеу. Егер, кәсіпкер Заңның барлық талаптарын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем жоламайды. Демек, өнегелік ынталандыру арқылы қоғамдағы құқықтық мәдениеттілікті қалыптастыруда оң нәтижелерге қол жеткізуіміз әбден мүмкін. Осылай біз, сыбайлас жемқорлық дейтін кеселдің өршуін тежеп, бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылса, сонда ғана халық сенімінің үдесінен шығатынымыз сөзсіз.

А.ҚАЛМАНБАЕВ,
Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясының басшысы.

Комментарии закрыты.