Қаныш есімі берілсе

Кенді аймағымызды жан-жақты зерттеп, оның қазба байлықтарын игеру жөніндегі игі жұмыстар қазақтың ұлы ғалымы, академик – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімімен тікелей байланысты. Оны еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін біледі десем артық айтқаным емес…

Қаныш атындағы қала жыл сайын өсіп өркендеп келеді. Балаларымыз кенді өлкеде дүниеге келіп, «Нұрлы мекен» деп аталатын жаңа шағынаудандағы заманауи талаптарға сай жабдықталған мектепте білім алып жатыр. Мұны біз мақтан етеміз. Жалпы, Қаныштың қаласы жыл сайын гүлденіп, көркейіп келеді. Ғалымның қолының табы мен табанының ізі қалған қалада бұл күндері академик Қ.Сәтбаев атындағы даңғыл, ғалымның еңселі ескерткіші бой түзеді. Сондай бір тамаша мүсін 2019 жылы мектебіміздің алдына орнатылды. Мектеп әкімшілігі, оқушылар мен ата-аналар бұл игі істі жақсылыққа балап отыр. Әсіресе, ата-аналар мектебімізге ғұлама ғалымның есімі берілгенін қалайды. Ырымшыл халық ертең осы мектептен қазақтың біртуар ұлының ізбасарлары, жарқын істердің жасампаз жалғастырушылары, болашақ ғалымдар түлеп ұшады деп кәміл сенеді.

Гүлзат Ойнар,
ата-ана, қала тұрғыны.

Комментарии закрыты.