Тіркеу куәліктері тапсырылды
Сәтбаев қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде 2004 жылы туған жасөспірімдерге әскерге шақыру бөлімшесіне тіркеу куәліктерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Бұл шараға қаланың Құрметті азаматы Мағзұм Қожахметов және тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан сәтбаевтық сарбаздар шақырылды. Құрметті қонақтар болашақ Отан қорғаушыларға өз лебіздерін білдіріп, тіркеу куәліктерін табыс етті.
Салтанатты іс-шара соңында 5 сәтбаевтық жауынгерге тәжік-ауған соғысының аяқталғанына 20 жыл толуына орай шығарылған естелік медальдар тапсырылды.
Мәди Әлжаппаров.