Жаңа есіммен толықты

Сәтбаев қаласының мемлекеттік архиві Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне орай дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Жауынгер-интернационалист ардагерлер» атты топтамасын тағы бір жаңа есіммен толықтырды.

Жеке тектік қорына құжат өткізген Ауған соғысының ардагері Аманай Шахтаев 1961 жылдың 19 қаңтарында Рудник кентінде дүниеге келген. Қазіргі таңда Сәтбаев қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС қарасты Технологиялық колледж оқытушысы. Ерлік пен елдіктің көрінісі болған ағалар ерлігін насихаттауды мақсат еткен архив басшысы Гүлнара Байғазиева мұндай шараның жас ұрпаққа берері мол екендігін атап айтты.

– Тарих қойнауына өшпес із қалдырған оқиғаны ұмыту мүмкін емес. Сондықтан, сіздер ең жоғарғы құрметке лайықсыздар, – деп ыстық ықыласын білдірді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейлі 60 жасымен құттықтаған архив ұжымы Аманай Бекішұлына сертификат табыстады. «Орамал тон болмайды, жол болады» демекші, Ауған соғысының ардагерлері Ертай Джанкелдиев, Төремұрат Байжанов Алғыс хатпен марапатталды. Шара соңында қонақтар арнайы жасалған тақырыптық көрмені тамашалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суретті түсірген М.Алпысбай.

Комментарии закрыты.