Отансүйгіштікке бағыттады

Мұнан соңғы шара Достық үйінде жалғасын тапты. «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат – аға буынның ерлігін насихаттау. Жастар ресурстық орталығы бастамашыл болған жарыстың алғашқы кезеңінде әскери антына адалдық, батылдық, қайсарлық пен батырлықтың жоғары үлгісін көрсеткен жауынгерлерге арналған жыр шумақтарынан шашу шашылды. Сонымен қатар, автоматты шашып тастап, тез арада қайта жинақтау кезеңінде қатысушылар жылдамдық танытты. Үшінші шарт бойынша Ауған соғысына байланысты сахналық көрініс қойылды. Карантин талабын сақтаған ұйымдастырушылар байқауды онлайн форматта өткізді. Сәтбаев қаласындағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Сайлау Қайранбеков жастардың өздеріне көрсеткен құрметіне ағалық алғысын білдіріп, өткен күндерден сыр шертті. Қазылар алқасының шешімімен Технологиялық колледж – үшінші, Индустриялдық колледж екінші орындарды иеленсе, «Денсаулық» медициналық колледждің студенттері барлық кезең бойынша оза шауып, бірінші орынды қанжығалады.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.