Құрметті сәтбаевтықтар!

Сіздерді шын жүректен мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Осыдан 17 жыл бұрын, 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда еліміздің Негізгі заңы қабылданды. Бұл – Республика дамуындағы жаңа тарих беттерінің басталуын бейнелейтін ерекше оқиға болды. Конституция – біздің қазақ жеріндегі тұрақтылықтың, бейбіт­шіліктің және келісімнің кепілі болып табылады. Біздің барлығымыз тәуелсіздік жылдарында елімізде болған кең ауқымды жаңарулардың куәгерлеріміз. Қазақстан бүгінде әлемдік экономикалық жүйелердің арасында лайықты орынға ие болып, халықаралық аренада беделді мемлекетке айналды.

Өз дамуының жаңа кезеңінде Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылу жолына түсті. Мұның бәрі, сөзсіз, Қазақстан халқының бірлігінің және Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың саяси еркінің арқасында болып отыр. Елбасымыз «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еліміздің алдында жаңа бастамалар ашылғандығын және әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету басты назарда болатынын атап өтті.

Индустриалдық-инновациялық жобалар табысты іске асырылып, кәсіпкерлік дамып, қоғамдық-саяси тұрақтылық сақталып отырған біздің жас кеншілер қаласы – еліміздің үдемелі дамуының айғағы. Сәтбаевтықтар өз келешегіне сенімді және Қазақстан Республикасының Конституциясы бұл сенімділікпен әрі қарай дамудың берік кепілі.

Қымбатты жерлестер!

Бәріміз үшін мерекелі және салтанатты бұл күні сіздерге мықты денсаулық, бақыт, табыс, игілік, Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбітшілік пен гүлдену тілейміз.

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д.Ахметов

Қалалық мәслихат хатшысы С.С.Имамбай

Комментарии закрыты.