Екпе туралы не білеміз?

Қазіргі кезде COVID пандемиясына байланысты бүкіл әлемде, үстіміздегі ақпан айынан бастап біздің елімізде де осы ауруға қарсы екпе салу жүріп жатыр. Инфекция кезіндегі ең негізгі құрал вакцина болып табылады. Вакцина – белгілі бір антигенге иммунитеттің пайда болуын қамтамасыз ететін шығу тегі биологиялық медициналық препарат. Вакцинопрофилактика бағдарламасы арқасында біз желшешек ауруын ұмытып, полиомиелит пен дифтерия аурулары туралы отыз жылдық тәжірибесі бар дәрігерлер ғана есіне алады.

Н.Гамалея атындағы орталықта өндірілген Спутник-V (Гам-КОВИД-Вак) векторлық вакцина болып табылады.Вектор – көбею гендік қызметінен айырылған аденовирустың репликативті ақаулы бөлшегі, сондықтан адам организміне қауіпті болып саналмайды. Гам-КОВИД-Вак — SARS-Cov-2 вирусынан туындаған коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған біріктірілген векторлық вакцина. Осы Спутник-V екпесі 2 компоненттен тұрады, I-ші компонент екпе салуға келген күні, дәрігерлік қараудан кейін екпе алуға қарсы көрсеткіш болмаса сол күні салынады, II-ші компонент 21 тәулікте салынады.
Гам-КОВИД-Вак вацинациясынан кейінгі болуы мүмкін кері әсерлер, жалпы және жергілікті кері әсерлер болуы мүмкін; жалпы кері әсерлерге: дене қызуының көтерілуі, буын және бұлшық ет ауыруы, артериалды қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, тәбеттің төмендеуі, лабораториялық көрсеткіштердің ауытқуы, одан да сирек жағдайда бас ауыруы, мұрын бітелуі, тамақтың жыбырлап қышуы; ал жергілікті болуы мүмкін кері әсерлерге: екпе салған жерде I-ші екпені салғаннан кейін ісіну мен ауырсыну, II-ші екпені салғаннан кейін екпе салған жерде қызару мен сол жердің қызуы болуы ықтимал. Айта кетерлік жағдай, мұндай реакциялар басқа да ауруларға қарсы екпелерде болады.
Коронавирусты инфекцияға (COVID-19) ­қарсы екпені салуға көрсеткіштер: 18 бен 60 жас аралығындағы адамдар. Ал салуға болмайтын жағдайлар: вакцина құрамындағы затқа адам организмінде жоғары сезімталдықтың болуы, ауыр аллергиялық реакцияның болуы, жүкті және бала емізетін әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, осы уақытта жедел немесе созылмалы аруларының өршу кезеңі болса, ол адамға екпе ауруынан жазылған соң 1-4 аптадан кейін салынады.
II-ші компонентті алуға қарсы көрсеткіштер: екпеден кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр түрдегі өткен аллергиялық реакция, ұстама синдромы, дене температурасы 40 0 С жоғары болса).
Екпе жасалатын күні пациентті дәрігер қарайды, дене температурасы өлшеніп, екпе салуға қарсы көрсеткіштер бар-жоғы анықталады. Егер дене температурасы жоғары болса екпе салынбайды. Екпе салатыннан 2-3 күнге дейін адамдар көп шоғырланатын жерде (супермаркет, базар т.б) болмағаны жөн.
Профилактикалық егулерден кейін адам органи­змінде осы ауруға қарсы жоғары сезімтал иммунитет қалып­тасады. Вакцина вирустан қорғанудың ең тиімді әдісі болып табылады.

А.Абитаева, Сәтбаев қалалық емханасының дәрігері.

Комментарии закрыты.