ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі.

Заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу – заман талабы. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатта жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Заң бұзушылықтың алдын алу – әр азаматтың міндеті» тақырыбында ювеналды полиция өкілдері мен психологтардың қатысуымен жастар арасында кездесу өтті. Кездесуге Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері мен психолог мамандар қатысып, жастармен ашық әңгіме өрбітті. Тәртіп сақшылары жастар арасында белең алып отырған қылмыстарға тоқталып, нәтижесінде ол үшін қылмыстық жазаға тартылатындығын тілге тиек етті. Сондықтан да бос уақытты тиімді өткізуге шақырып, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүруді тоқтатып, тәртіп сақтауға үндеді. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтуды ұмытпады.

Бұл бағыттағы кездесулерді тек бір күн емес әр ай сайын өткізу орталық жоспарында бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ювеналды полиция қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алмақ.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА. Суреттер автордікі.

Комментарии закрыты.