Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары, қымбатты қыз-келіншектер!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің алғашқы мерекесі қамқор әжелер, аналар мен апалы-сіңлілерге, сүйікті әйелдер мен қалыңдықтарға арналған. Күн сайын сіздер басқаларға сүйіспеншілікпен көңіл бөлесіздер, игі де батыл істерге шабыттандырасыздар. Сіздердің нұрлы жүздеріңіз күлкі арқылы одан әрі нұрлана түскендей болады. Сіздер айналаға жарық шашып, шуақтандырып жүресіздер.

Біздер үшін мәңгілік және ең қымбат құндылықтар сіздермен байланысты. Шаңырағымыздың биік болуы, отбасының жылуы сіздерге тікелей қатысты. Табиғаттың өзі сіздерге ерекше қасиеттерді үйіп берген. Сіздер қолға алған кез-келген істе сұлулық пен нәзіктіктің ізі қалады.

Қазіргі кезде әйелдердің қоғамда алатын орны аса маңызды. Ең жауапты бағыттарда, экономика мен мемлекеттік құрылыстың маңызды салаларында әйелдер жоғары белсенділікке ие. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасында бала тәрбиесін ғана емес, одан бөлек әлеуметтік жауапкершілікті нәзік иығына арқалап жүрген қыз-келіншектер тек құрметке лайықты.

Мейірім, жүректің жомарттығы үшін, біздерге қуаныш пен бақыт сыйлағандарыңыз үшін үлкен рахмет айтамыз. Сіздерге шын жүректен жастық пен сұлулық, бақыт пен қуаныш, бейбітшілік пен амандық тілейміз! Жандарыңызда әрқашан көктем болсын! Мереке құтты болсын, аяулы әйелдер!

Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов.
Қалалық мәслихат хатшысы Т. ХМИЛЯРЧУК.

Комментарии закрыты.