«Өлі риза болмай, тірі байымас»

Жұма күні бастау алған Кеншілер мерекесі сенбі күні жалғасын тапты.

Бұл күні өндірісте опат болған кеншілерді еске алу мақсатында Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің алдында митинг өтті. Оған опат болған жандардың туған-туыстары, ата-аналары мен қала тұрғындары қатысты. Қала әкімі Батырлан Ахметов пен «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстімет» ӨБ техникалық директоры Рауф Айдашев еңбек жолында қаза болған азаматтардың отбастарына амандық-саулық тілеп, енді ондай жағдайлар болмасын деген тілектерін жеткізді. Митингтің соңында мешіттің найб имамы Хамит Мырзагелдиев аруақтардың рухына бағыштап құран оқыды. Мешіттің асханасында дәм беріліп, құран оқылды. Тап осындай еске алу шарасы православие шіркеуінде де өтті.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.