Ел тұтастығының алтын діңгегі

Ата Заң – кешегі тарихтағы «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы», қазақ даласында үстемдік құрған «Жеті жарғы» заңының заңды жалғасы. Бүгінде ел тұтастығының алтын діңгегіне айналған Ата Заңға – 17 жыл. Елдің басты құжатын ұлықтау мақсатында Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында көпшіліктің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Ата Заңның құрметіне арналған кеш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

Қала әкімі Батырлан Ахметов ұлттың ұлы мерекелерінің бірі – Ата Заң күнімен құттықтай келе, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың 24 шілдедегі №359 Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік белгісімен бір топ аналарды марапаттады. Г.Алтынбекова, К.Базылова, Ш.Бесилова, Ж.Есенбаева сынды аналарымыз алтыннан алқа тағынса, А.Аймағамбетова, Е.Баймұханова, К.Қоқанова күміспен күптелді.

Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, қаланың Құрметті азаматы Майя Дакаримова «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, жаңа қазақстандық қоғам құру ісінде қосқан үлестері үшін ауылшаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы А.Әбілқасымов, «Тазалық-2020» ЖШС директоры Е.Исмайлов, «КМ Logistic» ЖШС-нің жүргізушісі В.Корконишко, «Қазақмыс-Сервис» ЖШС жөндеу слесары В.Мищук, салық басқармасының маманы А.Нұрғалиева облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленді. Қалалық мәслихаттың 17-ші тамыздағы №75 шешіміне сәйкес, қалалық мәслихаттың депутаты, ОЖК №65 шахтаның кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы И.Бралинге, ҚР білім беру ісінің үздігі Ж.Жанжігітоваға, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-не қарасты технологиялық колледждің мұғалімі Ж.Қайырбековке қаланың Құрметті азамат атағы берілді. Сондай-ақ, қаланың Құрметті азаматтары М.Аханов пен М.Громак, Сәтбаев қаласы прокурорының көмекшісі Қ.Қисап, қалалық соттың бас маманы И.Крылова, «Тазалық-2020» ЖШС абаттандыру бойынша шебері М.Өксікбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г.Шахманова, №16 орта мектеп директорының орынбасары А.Шоқыбаева қала әкімінің Құрмет грамотасын иеленді.

«Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев жиналғандарды мерекемен құттықтап, Жезқазған аймағы бойынша жүйке-жүйкелері диспансерінің бастығы С.Тёға, М.Әуезов атындағы №14 орта мектептің психологы Г.Аяшеваға, №12 орта мектептің кітапханашысы С.Ткачукке Құрмет грамотасын тапсырды.

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Б.Сәдуақасовтың жетекшілігімен құрылған «Кеншілер сазы» фольклорлық ансамблінің орындауындағы Құрманғазының «Балбырауын», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйлері көпшіліктің көңілінен шықты. Осы ансамблдің сүйемелдеуімен Ж.Омарова мен Т.Борановтың орындауындағы «Өз елім» әнімен кеш шарықтау шегіне жетті.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.