Қоғамдық көліктердің жүру тәртібі

Сәтбаев қалалық мәслихат депутаттары, Ақсақалдар алқасы мен Қоғамдық кеңес мүшелері және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары бірлесіп тұрғындар өтініші бойынша қалаішілік автобустардың жүру тәртібін бақылады.

Қалалық сапаржайға бас сұққан алқалы топ рейд барысында автобустарға жасалып жатқан залалсыздандыру жұмысына көз жеткізді. Жүргізушілердің айтуынша, әрбір айналым сайын тазалық жұмысы жүргізіледі екен. Одан әрі сапаржай басшысымен тілдескен топ өкілдері қоғамдық көліктердің уақытымен жүру тәртібіне назар аударды. Сапаржай басшысы автобустардың 40 минуттан кейін қайта келетінін жеткізді. Айтуынша, 9-шы автобустан бөлек, 10-шы және 13-ші автобустардың жүру тәртібі әрбір 10 минут сайын жүзеге асырылады. Олар бір бірін алмастырады екен. Одан әрі мамандар сапаржайға кезегімен келіп-кетіп жатқан автобустарға бас сұқты. Жолаушыларды сөзге тартып, қоғамдық көлікте карантиндік тәртіптің сақталуын бақылады. Жолаушылардың бетперде киетіндігін, кірген-шыққан адамның тәртіпті сақтайтындығын тұрғындардың өзі де растап берді.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.