Тұрғындарға таратылды

Қазақ халқының қай дәстүрі болмасын өнегелікке, ізеттікке жол бастайды. Ешқашан өз маңыздылығын жоймаған Ұлыстың Ұлы күніне арналған игі шаралар карантиндік шектеулерге қарамастан жалғасын тапты. Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен наурыз көже, ыстық бауырсақ дайындалып, тұрғындарға таратылды.

Бұдан бөлек, Абай көшесі бойындағы аллеяда орналасқан киіз үйде ұлттық құндылығымызды дәріптейтін қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Жергілікті өнерпаздардың атсалысуымен Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында онлайн концерттік бағдарлама өткізіліп, қала орталығында орналасқан LEDэкран арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Алтынгүл ТӨЛЕГЕНОВА.

Комментарии закрыты.