2021 жылдың 26 наурызынан бастап «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы болып Дастан Рүстемұлы Төрегелдин тағайындалды.

Дастан Рүстем­ұлы 1982 жылы Жезді кентінде дүниеге келген, білімі жоғары. 2003 жылы Алматы қаласы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің заңгер мамандығын бітірген. 2010 жылы Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің экономика бакалаврын иеленген.

Еңбек жолын 2004 жылы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында бас маман болып бастаған.

2007-2014 жылдарда Сәтбаев қаласы халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы қызметін атқарған.

2015 жылы Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы лауазымында болды.
2016 жылы Алматы қаласының «Дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК жалпы бөлімінің басшысы болған.

2017-2020 жылдар аралығында Алматы қаласының кәсіпкерлік Палатасы, 1 санатты сарапшы қызметін атқарған.

Тағайындауға дейін Сәтбаев қаласы әкімінің кеңесшісі болды.

Комментарии закрыты.