Құрметті жерлестер!

Сіздерді шын жүректен Қала күні мерекесімен құттықтаймыз!

Сәтбаев қаласы тарихының қойнауында атақ пен даңққа толы маңызды күндер аз емес, біз осы еңбек жолында жеткен жетістіктерімізді және қалыптасқан мәдени дәстүрлерімізді мақтан тұтамыз. Бұл орайда бүгінгі күні татулық пен достықтың, жасампаз еңбектің қайнарына айналған кеншілер шаһарының дамуына үлкен үлес қосқан аға буын өкілдеріне – соғыс және еңбек ардагерлеріне, қаламыздың Құрметті азаматтарына ризашылығымыз ерекше.

Туған қаламыздың заман талаптарына сай өнеркәсібі, мәдениеті және әлеуметтік салалары дамып, өркен жайып келеді. Жыл сайын тұрғын үйлер қарқынды бой көтеріп, көшелеріміз сәулеттеніп, аулаларымыз аббаттандырылып, шағын және орта бизнес нысандары ашылуда. Бірақ, басты баға жетпес қазына оның тұрғындары болып табылады. Олардың қолымен болашақтың іргесі қаланады, жақсылықтарға жол ашылады. Еңбек адамына деген қамқорлық біздің елімізде ерекше. Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың күш салуының арқасында биылғы жылы бір салалы қалаларды дамытуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағадарламаға сай Сәтбаев қаласын дамыту бойынша 2013-2015 жылдарға арналған арнайы кешенді жоспардың бекітілгені сөзсіз біз үшін үлкен қуаныш және Сәтбаев қаласының алда алар белестерінің мол, болашағының жарқын екендігін көрсетеді.

Қымбатты жерлестер! Жұмылған жұдырықтай қаламыздың қарқынды дамуына қажырлы еңбек етіп, ондағы бірлік пен берекені сақтауға үлес қосып жүрген баршаңызға мықты денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, игілігі мол бақытты өмір тілейміз!

Әрдайым аспанымыз ашық болып, туған еліміз – Қазақстан гүлденіп жайнай берсін! Қала күні құтты болсын!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Ахметов.

Қалалық мәслихаттың депутаты С.Имамбай.

Комментарии закрыты.