Тұрақты комиссияда қаралды

Апта басында қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Оған қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай, ішкі саясат бөлімінің бастығы К.Сағындықова мен мәслихат депутаттары қатысты.

Жиынды тұрақты комиссияның төрайымы А.Қоңырова ашып, қатысушыларды күн тәртібіндегі сұрақпен таныстырды.

Қалалық мәслихаттың 2012 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ІІІ тоқсанда қарастырылатын мәселелердің бірі – «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Сәтбаев қаласында іске асыру барысы туралы». Аталмыш мәселе бойынша жиналғандар алдында К.Сағындықова баяндама жасап, мемлекеттік жастар саясаты қамтитын міндеттерді орындау мақсатында қаламызда жастармен жүйелі жұмыс атқарылатындығын айтты.

Бұл мәселе қалалық мәслихаттың алдағы сессиясында қаралатын болады.

М.Шахаева.

Комментарии закрыты.