Қазынашылықта отырыс өтті

Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасында Тілдер күні қарсаңында басқарма қызметкерлерімен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты тақырыпта отырыс өтті.

Отырыста қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас қазынашысы З.Есенбекова қазынашылық басқармасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2012-2013 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген іс-шаралардың орындалуына және бұл мақсатта атқарылып отырған жұмыстарға тоқталды.

– Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мемлекеттік тілдің, яғни қазақ тілінің қарқынды дамуына кеңінен жол ашты. Қаржы жүйесінде мемлекеттік тілді талап ету үрдісі күн сайын күшейіп келеді.Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес басқармада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында нақты міндеттер қойылған. Оның ішінде қызметкерлердің мемлекеттік тілдің іскерлік қарым-қатынастың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыстарға қолдау жасау сияқты міндеттері бар. Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары әлі де жалғаса береді. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған, – деді баяндамашы.

Отырыста мемлекеттік тілді мемлекеттік қызметте қолдану тақырыбында басқарма қызметкерлері Г.Абдикаримов, О.Қалиева өз пікірлерімен қоса туған тіліне, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін білдірді.

М.Смағұл.

Комментарии закрыты.