Əлеуметтік маңызды мəселе

Қала əкімінің орынбасары, қалалық Консультативтік-кеңесші органның төрайымы Марал Мəдиеваның төрағалық етуімен аталған органның жоспарлы отырысы өткізілді. Оған органның мүшелері мен жауапты тұлғалар қатысты.

Күн тəртібіне «Түзеу мекемесінен босап келген азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларды ақылы қоғамдық жұмысқа, кəсіби оқыту жəне əлеуметтік жұмыс орнына жіберу туралы атқарылған жұмыстар туралы» бір мəселе қойылды.

Бұл жайында жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Г.Аппазова есеп берді.

– Түзеу мекемесінен босап келгендерді жұмысқа орналастыру, тұрмысын түзеу қалалық ішкі істер бөлімімен жəне туберкулезге қарсы емдеу диспансерімен бірлесіп жасаған жоспарға сəйкес атқарылуда. Жыл басынан бері босап келген 50 азаматтың тұрмыс жағдайлары тексеріліп, актіленді. Олардың ішінде 13 адам өз бетімен тұрақты жұмысқа орналасса, жұмыспен қамту бөлімі арқылы 2 адам «электр слесарі» мамандығын дайындайтын курсқа жіберілді. Мекенжайларын анықтау барысында келгендердің көбісінің түзеу мекемесінің көрсеткен пəтерлер бойынша тұрмайтыны жұмыс кезінде көп қиындықтар туғызады, – дейді баяндамашы.

Осы мəселе төңірегінде туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бөлім меңгерушісі М.Оразбекова, қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары А.Каримов сөз қозғады.

Екі мекеме бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтіні, дегенмен, түзеу мекемесінен келгендердің бəрін бірдей іздестіріп, тауып алу мүмкін еместігі айтылды.

– Есепке тіркелместен ауылдарға, шаруашылық қожалықтарына бірден кетіп қалатындар да бар. Олардың ішінде туберкулездің ашық түрімен ауыратындардың барған отбастары мүшелеріне жұқтырған фактілер де бар. Шаруа қожалықтары иелері жұмысқа алмас бұрын толық медициналық тексерістен өткізіп алса, маңайындағылардың ауруға шалдықпауына бірден бір себеп болар еді, – дейді дəрігер Марияш Оразбекова.

– Бұл үлкен əлеуметтік мəселе, сондықтан түзеу мекемелерінен келгендердің нақты есебін алып, қатаң бақылауда ұстау керек. Қалай болғанда да жұмысқа тұрғызып, олардың тағы да қылмысқа бармауына жағдай туғызуымыз керек, – деді отырысты қорытқан Марал Сағынайқызы.

М.ЖАППАСБАЕВА, қалалық Консультативтік-кеңесші органның мүшесі.

Комментарии закрыты.