Қызметіңе кір келтірмеуді ойла

Сəтбаев қалалық қазынашылық басқармасында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет қадірін көтеру жəне мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлерімен отырыс өткізілді.

– Күнделікті шығып жатқан заңнамалардың орындалуын қадағалап, қаржы саласындағы бұзушылықтарға тосқауыл қоятын органдардың бірі – қазынашылық басқармасы. Заңды бұзушылыққа жол берген адамдардың көбісі мемлекеттік қызмет атқарғандықтан, біріншіден, өзінің жеке басының абыройына дақ салғандық, екіншіден өзі қызмет ететін мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіргендік деп бағалауға болады, – деп бастады отырысты басқарма бастығы Б.Ж.Шəкенов.

Отырыста басқарма бастығының орынбасары Р.Шертаева «Бүгінгі күні мемлекеттік қызметті атқару абыройлы да жауапты мəртебе болып саналғандықтан, оған арнайы бəсекелестік байқау сынағы арқылы қабылданып зор сенім көрсетілгендіктен, мемлекеттік қызмет беделіне кір келтірмей, мемлекетіміз шығарған Заңнаманың мүлтіксіз орындалуына үлес қосып отыруға міндеттіміз» деген пікірін жеткізді.

Басқарманың бас қазынашылары Г.Ашенова, Б.Оразғұлова өз сөздерінде мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады жəне мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қоятындығын айтты.Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын əрекеттерге жол бермеуге шақырды.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін тəрбиелік құралға айналдыра білу керек. Бұл Ар-намыс кодексі бүгінгі мемлекеттік қызметтегі əрбір адамның өз ісіне адалдығы, жанжағындағы адамдарға ізеттілігі, қоғамдағы ізгілікті қалыптастырудағы басты нышан болып табылады.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.