Құрметті ұстаздар және білім беру саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мұғалімдер күні – бүкілхалықтық дәстүрлі мереке. Ұстаздар қауымы қоғамда қашан да ерекше орын алады. Білім мен мәдениеттің жаршысы болған Сіздерге өсер ұрпақтың тәрбиесі, демек, Елдің болашағы сеніп тапсырылып келеді.

Білім беру саласы – мемлекетіміздің саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады, ал, ұстаздарға жауапты міндет жүктелген: тек қана жоғары білімді, талантты, ақылды, кемеңгер ұстаз ғана нағыз лайықты ұрпақты тәрбиелей алады. Еліміздің Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Қазіргі заманғы қазақстандық ұстазға қоғамымызбен қойылатын талаптар арта түсуде. Жаңа заманғы ұстаз бұл – рухани дамыған, шығармашылық тұлға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын білгір маман». Бүгінгі күні қаламыздың ұстаздары жаңа оқу бағдарламаларын, қазіргі заманғы жұмыс әдістерін табысты игеруде, ғылыми жобаларды жүзеге асыруда. Жоғары кәсібиліктің арқасында біздің ұстаздар болашақта да алдарына қойылған барлық тапсырмаларды табысты орындайтынына сенімдімін.

Қымбатты ұстаздар!

Сіздердің арқаларыңызда біздің жаңа, белсенді, шығармашыл ұрпақ өсіп-өніп келе жатыр. Олардың олимпиадаларда, республикалық және халықаралық байқауларда қол жеткізген табыстары – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Бүгінгі мереке күні Сіздердің кеншілер қаласының және еліміздің болашағына қосқан зор үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

Шын жүректен Сіздерге ырыс-береке, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт және жаңа табыстар тілейміз!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі Б.Д.Ахметов.

Қалалық мәслихаттың хатшысы С.С.Имамбай.

Комментарии закрыты.