Карантин шаралары күшейтіледі

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ВАҚ отырысы өтті деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Вице-премьер денсаулық сақтау министрі мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Атырау облыстары басшылығының өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай туралы есебін тыңдап, медициналық ұйымдар мен халықты қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен толыққанды және үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Ведомствоаралық комиссия елдегі тәуліктік сырқаттанушылықтың 65%-ын және тәуліктік өлім-жітім жағдайларының 55%-ын құрайтын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады.
Бұл өңірлерде биылғы жылдың 2 тамызынан бастап еліміздің 5 қаласында мынадай шектеу шаралары күшіне енеді:

орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, «Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру; ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу; мемлекеттік органдар, кеңселер, ұлттық компаниялар мен өзге де ұйымдар қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру (вакцина салдырғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).

Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекші қазақ аудандары), Шымкент қалаларымен (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағандымен (Теміртау, Шахтинск, Абай) шекаралас аудандарында карантин шараларын күшейту бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Өңірлердің әкімдіктеріне шектеулер енгізу және олардың сақталуын бақылау бойынша барлық шараларды қабылдау тапсырылды.

Комментарии закрыты.