ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАДАҒАЛАУДА

Өткен аптада Сәтбаев қаласы аумағында облыстық «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасы жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау, сондай-ақ, қылмыстардың уақтылы алдын алу және жолын кесу мақсатында жүргізілді. Тесеру жұмыстары барысында шетелден келген азаматтардың да құжаттары тексеріліп, қоғам алдындағы тәртіпті сақтауы қадағаланды.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге күшейтілген режимде жергілікті полиция қызметінің, криминалдық және әкімшілік полицияның, көші-қон және өзге де бөліністердің қызметкерлері жұмылдырылды. Профилактикалық шара барысында бұрын жасалған қылмыстар ашылып, суық қару, есірткі заттарын сақтап, тасымалдаған тұлғалар, 115 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Алкогольді ішімдік ішкен 25 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Қоғамдық қызметкер Евгения Павленко полиция бөлімі қызметкерлерімен апта сайын профилактикалық жұмыстарда бой көрсететінін айтты. Топ мүшесі мұндай іс-шаралардың жиі орын алып тұрғанын дұрыс санайтынын жеткізді. Бұл жобалардың арқасында отбасындағы зорлық-зомбылықтар азайып, балалардың қауіпсіздігі мен ел Конституциясында жазылған заңдар сақталатынына сенеді.

«Жүргізілген іс-шара кезінде полиция бөлімінің қызметкерлері күшейтілген қызмет түріне көшті», – деп атап өтті жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Сабыржан Сейітжанов. Сонымен қатар, тәртіпсіздіктің жолын кесетін профилактикалық жұмыстар алдағы уақыттарда да жиі өткізіліп тұратын болады.

Еркеназ ШОҚАН.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.