Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл ізгі тілектер ең алдымен көлік жүргізуді өз кәсібі ретінде таңдаған майталмандарға арналады. Бар өмірін сүйікті ісіне арнаған нағыз шеберлер барлық құрметке әбден лайықты.

Бүгінгі таңда көлік қатынасы қаланың әлеуметтік саласының табысты дамуының кепілі болуда. Жолда жұмыс істеу үлкен кәсіби шеберлікті, шыдамдылық пен күш-қайратты қажет етеді.

Бүгінгі таңда заманауи өмірді көлік қатынасынсыз елестету мүмкін емес. Демек, бұл қала өміріндегі маңызды буынның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сала. Аталмыш мамандықты өмір бойы таңдаған адамдарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан тәуліктің кез келген уақытында жүргізушілер жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін сақтай отырып, діттеген жерге мерзімінде жеткізуі тиіс. Бұл тізгіншілер арқалаған жүктің жеңіл еместігін танытады.

Аймағымыздың дамуына үздіксіз үлес қосқан барлық көлік қызметкерлеріне – жүргізушілерге, механиктерге, инженерлерге, диспетчерлерге және кәсіби міндеттерін адал атқарып жүрген еңбек иелеріне алғыс айтамыз. Бұл адамдардың өз кәсібіне деген адалдығынсыз және жауапкершілігінсіз қоғамның алға басуы мүмкін емес.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, бақыт, апатсыз тұрақты жұмыс және тамаша еңбек көрсеткіштерін тілейміз! Жақындарыңызбен бірге бейбітшілік пен отбасылық амандықта жарқын өмір кеше беріңіздер!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихат хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.