Өмірдегі, еңбектегі ұстазым еді…

Мен 1978 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіріп осы қалаға келдім. Алғашқыда дәрігерлік-санитарлық бөлімде рентгенолог-дәрігер және учаскелік терапевт болып істедім.

Базаркүл Әбішқызымен тығыз байланысым 1980 жылдардан басталды. Базаркүл апай тамаша бір адам еді, мына заманға сай емхананы көре алмай кеткені мені қатты өкіндіреді. Бүгінде мен бір дәрежеге жетіп отырсам, ол – апайдың еңбегінің жемісі деп білемін. Учаскелік қызметтің қыр- сырына үйретіп, алдыңа келген аурумен қалай сөйлесу керектігіне дейін ежіктеп айтып отырушы еді. «Әрбір карточканың артында адам тұр, құжатқа жауапкершілікпен қараңдар» деп айта беруші еді. Бәрімізге басшы ғана емес, ана, апа, құрбымыздай болды.

Ұйымдастырушылық қабілетті сол кісіден үйрендім, тәжірибесімен бөлісіп отыратын.

Өмірдегі, еңбектегі ұстазым Базаркүл Әбішқызының қолымен қаланған емхананы басқара отырып, апайдың атына, аруағына кір келтірмеуді мақсат тұтып келемін.

Аманбала Қоңырова, «Сәтбаев қаласы емханасы» КМҚК директоры.

Комментарии закрыты.