«Қарты бар ел-қазыналы ел»

Біз – қазақ халқы – ақсақалдарымызды тыңдай білген, аналарымызды пір тұтқан халықпыз. Қариялар күніне арналып Оқушылар сарайының қосымша білім беру ұстаздары С.Акимбекова, Г.Қалмұханбет және М.Абылқасымованың ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Кездесуге Оспанова Күлзия, Бижанова Ақлима, Бейсенова Күләш, Құрықова Тұрсынай, Құрмағанбетова Ырысалды, Бейсенбеков Нұртай, Нақыпбекова Манаш, Әлкеева Тамаш сынды әжелер қонаққа келді. Кездесудің беташары әлем елдерінде қариялар күнінің аталып өтілуі туралы бейнеслайдтан басталды. Бейнебаяннан қонақтар әр елдегі қариялардың қазіргі таңдағы белсенді өмірі жайлы көп мағлұмат алды. Әр шаңыраққа шуағын шашып, қазынасын толтырып, ұрпағына тәлім-тәрбие беріп отырған қарияларымызға арнап Оқушылар сарайының ұстаздары мен тәрбиеленушілері ақ дастархан жайды. Кеште «Сазды әуен», «Домбыра» үйірмесінің тәрбиеленушілері ән айтып, күй тартып өнерлерін ортаға салды. Қолөнер үйірмесінің тәрбиеленушілерінің дайындаған сыйлықтары қарияларымызға кештен естелік ретінде сыйға тартылды. Кеште айтылған өлең жолдары мен тартылған күй, шырқалған әннен қарияларымыз немерелерінің өздеріне деген ыстық ықыластарын байқап, мәз-мәйрам болды.

Э.Байсадықова, «Көркем қолданбалы-экология» бөлімінің меңгерушісі.

Комментарии закрыты.