Даярлықтағы мереке

Ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында №16 жалпы білім беретін орта мектептің мектепалды даярлық сыныбы тәрбие сағатын өткізіп, өз мұғалімдерін мерекелерімен құттықтады. Даярлық сыныбында оқитын бүлдіршіндер ұстаздарына арнаған тақпақтарын айтып, би билеп, келген қонақтарды өнерлерімен тәнті етті. Сынып тәрбиешісі Лаура Махаева балалардың еліміздің болашағы жайлы ойларын бейнеслайд арқылы жеткізіп, әр түрлі ойындар ойнатып, олардың мектепке деген қызығушылығын арттырды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сынып сағатына қатысқан аталмыш мектептің мұғалімдері балаларға алғыстарын білдіріп, сапалы білім алуларына тілектестік білдірді. (Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.