Мектептегі жәрмеңке

Қайырымдылық акциясы аясында №27 орта мектепте «қайырымдылық жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараны ұйымдастырған мектептің әлеуметтік педагогі М.Қызданова алдын ала арнайы хабарлама бұрышын жасақтады.

Жәрмеңке бастауыш және жоғары сыныптар арасында екі күн бойы өткізілді. 1, 2 сынып ата-аналары балаларымен бірге тұрып, өздерінің әкелген бау-бақша өнімдерін сатты. Мал ұстайтындары қолдың сүтін, айран, құрт, ірімшіктерін әкелді. Қысқа жапқан тұздалған қызанақ, қияр, қысқы салаттар, т.б барлығы арзан бағамен сатылды. Құлаққағыс болған ата-аналар, маңайдағылар мектепке соғып жәрмеңкені қызықтады. Балалардың көңілін қайтарғысы келмей саудаласып, қажеттілерін сатып алды. Қай сынып көбірек өткізер екен деген бәсекелестік те болды. Бір-бірінің заттарын керек етіп алып жатты. Мұғалімдер де, кіші қызметкерлер де оқушылардың саудаларын жүргізіп, жәрмеңкені қыздырды.

Мектеп басшысы А.Аманова оқушыларға алғысын білдіріп, жиналған қаржы мұқтаж балаларға мектеп формасын тігуге жұмсалатынын түсіндірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.