Ұстаздарын құттықтады

Қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп келетін, республика көлемінде тойланатын Ұстаздар мерекесін атап өтуден «Мерей» балалар үйі де тыс қалмады.

«Жарқын жүзді Ұстазым — жадымда қалар мәңгілік!» атты Ұстаздар күніне арнайы ұйымдастырылған әдеби-сазды кешімен балалар үйінің тәрбиеленушілері өздерінің көрермендерін тағы бір қуантты. Әсем көмкерілген зал, әуезді ән мен әдемі би, күмбірлі күй кештің көркін жандандыра түсті. Әрбір тәрбиешіге арналған өлең шумақтары, гүл шоқтары балалардың үлкендерді сыйлай, құрметтей білетінін танытты. «Мерей» балалар үйінде қызмет атқаратын педагогтар қауымы, арнайы атаулар бойынша төсбелгілермен және мадақтау қағаздарымен марапатталды.

Кештің қонақтары Жезқазған кенті әкімінің орынбасары Ғ.Жаңабайұлы және Л.Батырқызы барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.