Құрметті кеншілер, ардагерлер және тау-кен жұмысшылары!

Сіздерді кәсіби мереке – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің өңір үшін кенші – баға жетпес мамандық. Әрқашан құрметті және жігерлі адамдарға лайық деп саналады. Сәтбаев қаласының дамуы тау-кен өнеркәсібінің дамуымен тікелей байланысты. Бұл даңқты мамандық өкілдерінің бірнеше ұрпағы қаламызды мекен етіп, аталарының ерен еңбегін жалғастыруда және болашаққа жоспар құруда.

Біз ортақ нәтиже үшін төккен тер, шынайы қажырлы еңбектеріңіз үшін ризамыз. Сіздер қиын мамандықты таңдадыңыздар. Қиын және қауіпті, жауапкершілігі мол, ел экономикасының табысты дамуының кепілі болып табылатын өндіріс саласы денсаулықты қажет етеді. Алғырлықты, төзімділікті талап етеді. Жоғарғы кәсіби шеберлігі, қажыр-қайраты мен табандылығының арқасында кеншілер алдағы уақытта да ел экономикасының дамуына лайықты үлес қосатынына сенімдіміз.

Бұл күнгі арнайы алғыс сөздер еңбек ардагерлеріне, өндіріс озаттарына арналады. Сіздер мыс алыбы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС даңқын ерен еңбектеріңізбен арттырып жүрсіздер. Осы ауыр жұмысты таңдаған тұтас әулеттердің арқасында өндіріс саласы табысты жұмыс жасап, дамып келеді.

Төзімділік пен күш сіздерден ешқашан кетпесін. Төбелеріңіз берік болсын. Мықты денсаулық, сәттілік, бейбіт аспан, отбастарыңызға амандық тілейміз!

Сәтбаев қаласының әкімі А.ЫДЫРЫСОВ
Қалалық мәслихаттың хатшысы Т.ХМИЛЯРЧУК

Комментарии закрыты.