Дінаралық татулықтың негізі

Осыдан жиырма жыл бұрынғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «18 қазан – Рухани келісім күні» ретінде аталып келеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Толеранттық – біздің жанымыздағы диалогқа дайындық. Біздің қалаларымыздағы мешіттердің, проваславия шіркеулерінің, костельдің және синагоганың бір-бірімен қатар тұруы жеріміздің бейбітшілігі мен келісімінің айқын көрінісі. Ендеше атаулы күн бірлік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен гүлденудің мерекесі ретінде аталып өтілуі қажет» деген болатын.

Бірлік пен татулыққа, қайырымдылыққа үндеген күннің мән-маңызын түсіндіру мақсатында балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Діні беріктің – рухы берік» тақырыбында Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы қалалық мешіттің наиб имамы Хамит Мырзагелдиевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Еліміздегі діни ахуал, ұлттар арасындағы татулық, дүниежүзін жаулаған теріс пиғылды ағымдар жайлы сөз болған отырысты қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімің бастығы Қанат Төлеш ашып, жүргізіп отырды.

– Бірлік пен берекелі тірлікке ұмтылған халқымыздың басын қосып, ұлттар достығын ұлы көшке айналдырып отырған жыл сайын өткізілетін осы Рухани келісім күні біздерге ұлттаралық, дінаралық татулықты нығайтушы ізгі шара, – деді наиб имам.

Тақырып төңірегінде №1 мектеп-гимназиясының, №3 орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары өз ойларын ортаға салып, наиб имамнан көкейде жүрген сауалдарына жауап алды.

Келушілерге «Дін – ғылымның ата-сы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, діни бағыттағы кітаптарға шолу жасалды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.