Оқушылар үн қосты

Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын жария еткен болатын. Осыған орай оқушылар арасында Елбасы мақаласының ерекшелігін және маңыздылығын талқылау мақсатында Балалар мен жасөспірімдер кітапханасында дөңгелек үстел болып өтті.

Отырысқа №7 орта мектептің 9 «В» сынып оқушылары қатысты. Елбасымыздың негізгі көрсеткен бағыттары туралы оқушылар сөз қозғап, оларды жүзеге асыру жолдарын іздеді.

– Елбасының тапсырмалары – шын мәнісінде ел болашағын айқындайтын тарихи құжат, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген көреген қадам болды. Онда Мемлекет басшысы Қазақстанды дамытудың жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясына негізделген жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Нарықтың сұранысын зерттей отырып, әсіресе, өзіңіз тұратын аймақтағы болашағы зор индустриалды жобалар қандай мамандарға зәру екендігін ескере отырып, жаңа кәсіпті игеруге кірісу керек, – деді Ж.Әбіш.

– Бұл бағдарламаны ғалым болсын, мемлекеттік қызметкер болсын, дәрігер, педагог, басқа саланың маманы болсын, барлығы бір тудың астына бірігіп, жұмылып жүзеге асырғанда ғана еңбек қоғамына қарышты қадам жасай аламыз, – деп атап өтті Б.Өмірзақ.

Бағдарламада айтылған 20 тапсырмаға үн қосып еңбек етуіміз керек деген ой төңірегінде басқа да оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.

М.Күреңбаева, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Комментарии закрыты.