Қоғамдық маңызы бар күн

Қазақстанның егеменді, зайырлы және демократиялы ел ретінде пайда болғанына бір жыл толмай тұрып, 1992 жылдың қазан айында, Алматыда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өткізілді. Биыл қоғамдық маңызы бар Рухани келісім күні елімізде 20-шы рет өтіліп отыр.

Осы күн аясында қаламыздағы №16 жалпы білім беретін орта мектепте А.Хамзинаның ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында «Астана – рухани келісім қаласы» тақырыбында ауызша журнал түріндегі тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға барлық дінаралық келісім мен рухани түсінушіліктің жаһандық орталығы Елордамыз Астана қаласы негіз болды. Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылатын Бейбітшілік және келісім сарайы жөнінде оқушылар мәлімет бере отырып, Астана қаласы туралы өлеңдер оқылып, ән айтылды. Сонымен қатар, Рухани келісім күнінің көпұлтты еліміз үшін маңыздылығы жайында оқушылар пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Перизат Сұлтанғалиева, 9 сынып оқушысы.

Комментарии закрыты.