Анаға тағзым күні

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді қазақ халқы. Қандай жақсы теңеу айтсаң да, әйел заты үшін бәрі жарасымды. Себебі әйел – өмірдің ажары, көңілдің базары. Сондықтан да қазақ аналарға ерекше тағзым жасап, күллі мұсылман әлемі жұмақты ана табанының астына салады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күздің бір күнін «Аналарға тағзым күні» деп атауды ұсынғаны да осыдан деп білеміз.

Осы күнге арнап №16 жалпы білім беретін орта мектептептің мектепалды даярлық сыныбында тәрбиеші А.Бекжанованың ұйымдастыруымен «Алтын күз сыйы – анаға» атты әдеби-сазды ертеңгілік өтті.

Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер өздерінің дайындаған өлеңдерін, билерін, бұйымдарын тарту етіп, аналарын өнерлерімен қуантты. Ертеңгілікке аналармен бірге ақжаулықты әжелер де қатысып, белсенділік танытты. Олар балаларымен бірге ән айтып, ойын ойнады.

Мереке соңында осындай қызық сыйлап, бір серпілтіп тастаған ұйымдастырушыларға ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.