Ұтынушылар құқығы

Еліміздің азаматтарына тұтынушылық білім беру маңызды факторлардың біріне жатады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені ескере отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың «өздігінен реттейтін» тетігін құру қажеттігі туындауына байланысты, 2010 жылғы 4 мамырында елімізде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң қабылданды.

Осы Заңның 7 бабына сәйкес, тұтынушылардың тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға және тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқықтары бар. Тұтынушының тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тұтынушылық білім негіздері жөніндегі мәселелерді білім беру бағдарламаларына енгізу арқылы, сондай-ақ, тұтынушыға оның құқықтары және осы құқықтарын қорғау жөніндегі қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беру жүйесін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпарат алуға, тұтынушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы осы Заңның 25-бабына сәйкес толық, дұрыс және уақытылы ақпарат алуға құқығы бар. Егер тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы), дұрыс емес және уақытылы емес ақпарат беру тұтынушыға қажет емес тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға әкеп соқса, ол шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы. Сонымен қатар, сатып алынған тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) мақсатына сай пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соқса, тұтынушы тауарды сатып алған (жұмыс орындалған, қызмет көрсетілген) күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті ақпарат беруді талап етуге құқылы. Егер көрсетілген мерзімде ақпарат берілмесе, тұтынушы шартты бұзуға және өзіне келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.

Ал, тұтынушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтіруге әкеп соқса, ол сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 16 және 31-баптарында көзделген талаптарды қоюға құқылы.

Сатушының (дайындаушының, орындаушының) кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда тұрғанына немесе тұрмағанына қарамастан, кез келген тұтынушының тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеуді талап ету құқығы танылады. Тұтынушыда тауарды иелену фактісін растайтын құжаттың болмауы оны шарттың жасалу фактісін немесе оның талаптарын растауда куәлердің айғақтарына сілтеме жасау құқығынан айырмайды.

Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқық­тарын қорғау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушының өтініші, шағымы бойынша құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және осы бұзушылықтар арқылы келтірілген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) кінә қоя отырып жүгінуге құқылы. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде кінә қоюға жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) сотқа жүгінуге құқылы.

Ж.Достияров, Сәтбаев қалалық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы.

Комментарии закрыты.