Сыбайлас жемқорлық түсінігі

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қазіргі таңда халыққа кеңінен түсіндіріліп, оны орындау бағытында ауданда елеулі жұмыстар жүргізілуде. Нақтылап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтарды сақтау жөнінде құқықтық түсіндіру жұмыстары халық арасында ұдайы талқыланып, өткен уақытта жіберілген кемшіліктерді саралап, жұмысты жүйелендіруге ықпалын тигізеді.

Осынау өзекті мәселе жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды қарайтын жиналыстар өткізіліп, оның жолын кесу және болдырмау мақсатында жыл сайын жоспарлар жасалынып, анықтамалар талданып отырады.

Мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарға мемлекеттік билік органдарында лауазымдар атқаруына тыйым салынған. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің бос қызмет орнына орналасуға арналған конкурстар ашық өткізілуде.

Елімізде мемлекеттік органдарда лауазымды адамдардың жоғары жауапкершілігі мен дер кезінде ден қою қағидаттарына негізделген азаматтардың арыздарын, заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың нәтижелерін есепке алу мен бақылаудың бірыңғай жүйесі құрылған.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу.

Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия – Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

А.Жауенова, қалалық соттың бас маманы.

Комментарии закрыты.