Адам өмірі – басты қазынамыз

Қай қоғамда, қай мемлекетте болмасын мемлекет пен қоғам алдында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты жою және олардың алдын алу маселесі алдыңғы орында тұрады.

Отбасы үшін бала қаржылай кіріс алып келетін және уайымсыз кәрілікті қамтамасыз ететін жұмысшы ретінде «тірі ақша қоры» болып саналады. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» демекші, қазіргі таңда қылмыс өршу үстінде. Кәмелеттік жасқа толмаған жастар қылмысының өршуін мамандар «психикалық ауытқу» деп бағалайды. Әлемде қылмыс атаулының белгілі бір бөлігін жасөспірімдер жасайды. Бірақ, көптеген елдерде олардың іс-әрекетіне қатысты заң механизмі ересектермен бірдей қолданылады. Бұл, әрине, әділетсіз. Сондықтан біз қоғамымыздың алдында «жасөспірім өзі жасаған қылмыс үшін жазықты ма, немесе жазықсыз ба?» деген сұрақтан гөрі, оны осындай халге түсірген қандай себеп және мемлекет өзінің жас азаматын түрлі қылмыстардан сақтап қалу жолында қандай игілікті қадамдар жасайды деген ауқымды маселені қоя білуіміз керек. ҚР-ның ҚК-нің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар болып – қылмыс жасаған кезде қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар танылады. ҚР ҚК-нің 15 бабының 1 бөліміне сай, қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істі қарағанда соттар алдымен қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның жасын (туған жылын, айын, күнін) дәл анықтағанына назар аударуы қажет. Адамның жасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда немесе ол құжаттар күмән тудыратын болса, ҚК ҚІЖК-нің 2 тармағына сәйкес сараптама тағайындау қажет. Мұндайда сараптамашылар белгілеген жылдың соңғы күні туған күні болып есептеледі. Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ, осы жасқа толған, бірақ психикалық дамуында ауытқу белгілері бар кәмелетке толмағанның ісі бойынша педагогтың немесе психологтың қатысуы міндетті. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілі ретінде ҚІЖК-нің 7 бабы 22-тармағында көрсетілгендей ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылар, сондай-ақ оны қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері ғана бола алады. Заңды өкіл сот талқылауы аяқталғанша сот отырысының залында болады. Соттар кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша сот отырысын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде кәмелетке толмағанды қамауға алудың негізділігін жан-жақты тексеруі қажет. Кәмелетке толмағанды қамауға алу тек ерекше жағдайларда, ол ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағанда, оның ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын жері болмаса, оның жеке басы анықталмаса, ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса немесе ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса, не жасырынса ғана қолданыла алады. Бүгінде еліміздің барлық маңызы бар қалаларында кәмелетке толмағандардың мамандандырылған соттары құрылды. Ювенальдық юстиция – жасөспірімдер үшін арнайы құқықтық тәрбие жүйесі болып есептеледі. Көбіне адамдар «сот тек соттайды, жазалайды» деп ойлайды, алайда сот тек жас жеткіншектің өмірін сақтап қалу, әділдік жолымен жүру сынды ізгілік санатын көздейді.

С.Бухарова, Сәтбаев қалалық сотының бас маманы.

Комментарии закрыты.